Accessibility links

Ирақ Қорғаныс министрлігі Иран күштерін айыптады


Министрлік хабарына қарағанда, соңғы 10 күн ішінде Иран күштері күрд көтерілісшілеріне қарсы екінші рет артиллериядан оқ атқан. Барлығы 180 оқ атылған. Олар Ирақ жеріндегі Хаж Омран деген ауылға түскен. Ол- шекарадан 5 километр жерде екен. Өткен апталарда Ирақ жеріндегі күрд көтерілісшілері Иран армиясы мен шекара бекеттеріне бірнеше рет шабуыл жасаған болатын.
XS
SM
MD
LG