Accessibility links

Ислам бүлікшілері Кашмир өлкесінде кемінде жазықсыз 34 ауыл тұрғынын қырып кетті


Үндістанға қарайтын Кашмир штатында мұсылман жасақтары кем дегенде 34 үндісті өлтіріп кетті. Тірі қалғандардың айтуынша, қарулы жасақ Тхава ауылының 22 тұрғынын қатар тұрғызып қойып атып салған. Жексенбі күні басқа ауылдан ұстап алып кеткен 12 адамның өлігі табылды. Бұл қастандық үнді премьер-министрі Манхоман Сингх пен Кашмир сепаратистерінің арасындағы осы аптада Делиде өтетін келіссөзінің қарсаңында болып отыр. Кашмирді Үндістаннан бөліп алуды көздеген ислам бүлігі көтерілген 1989-ыншы жылдан бері 40 мыңнан астам халық қырылды.
XS
SM
MD
LG