Accessibility links

Ауғанстанда жанкешті-лаңкестердің тосын шабуылдары күн санап үдей түсуде


КАБУЛ. Ауғанстандағы АҚШ әскері өткен сенбі күні халықаралық күштер осы елдің Гильменд өлкесінде 15-тен 20-ға жуық тәліптің көзін жойғанын мәлімдейді. Халықаралық күштердің қатарында адам шығыны жоқ. Ал бүгін Кандагар өлкесінде коалициялық күштердің көлігі бомбаға жарылып, Канаданың 2 жауынгері жараланды. Урузган өлкесінде жанкешті-лаңкес өзінің автокөлігімен әскери керуенді соғып жарып, коалицияның бір жауынгері мен бір ауған азаматы жараланды. Хост өлкесінде бір жанкешті-лаңкес өзін-өзі жарып өлді. Ол өзін Совет әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған салтанатқа келген жұрттың қақ ортасында жармақ болса керек.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG