Accessibility links

Өзбекстанда адам құқын қорғайтын тағы бір азамат қылмысқа қатысы бар деп айыпталып, тұтқындалды


ТАШКЕНТ: Өзбекстанның ішкі істер министрлігі кеше Гулистан қаласында адам құқын қорғаушы Азамжон Фармоновтың тұтқындалғанын хабарлады. Ол “саяси мақсат-мүддемен ұсталды” деген адам құқын қорғаушы ұйымның уәжін өзбек министрлігі қабылдамай, оған “бопсалау арқылы пара алды” деген айыптың тағылғанын айтып отырса, адам құқын қорғайтын ұйым Азамжон - өзбек үкіметінің Жизақ облысындағы мақта өсірушілердің құқын бұзғанын тергеп жазған мақаласы үшін ұсталды деп мәлімдейді. Оған қоса Өзбекстанның Әділет министрлігі АҚШ-та тіркелген Counterpart Consortium тобының жергілікті кеңсесін жабу мәселесін қарап жатқанын хабарлады. Бұл топ Өзбекстандағы азаматтық жобаларға жетекшілік етіп келді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG