Accessibility links

Ирақ – күрд, сүннит және шийт автономияларына бөліне ме?


ВАШИНГТОН. Белгілі АҚШ сенаторы президент Дж.Буштың Бағдадта қуатты орталық билік орнатпақ болған әрекеті сәтсіз аяқталған соң, Ирақ – 3 автономиялық аймаққа бөлінуге тиіс деп санайды. АҚШ Сенатындағы шетелдік қатынастар комитетінің беделді демократ-мүшесі Джозеф Байденнің бұл пікірін бүгін “Нью-Йорк таймс” газеті бірінші бетінде басып шығарды. Оның пікірінше, Ирақта тыныштық орнатудың жалғыз жолы – елді күрд, сүннит және шийт автономияларына бөлу керек. Ирақ - осыдан 10 жыл бұрынғы Боснияның үлгісімен бөліну керек деп мәлімдейді сенатор Байден.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG