Accessibility links

Киевтегі 1-інші Мамыр мерекесінде “Совет Одағы жеңілмейді!” үндеуі көтерілді


КИЕВ. Бүгін бүкіл әлемде кәсіподақ басшылары мен жұмысшылар 1-інші мамыр мерекесін атап өтуде. Ресей қалаларында 1-інші мамырға арналған митингілер мен шерулерге 10-даған мың халық шықты. Мәскеудің орталық көшесінде өтіп жатқан шеруге қолдарына Ресей жалауын ұстаған 30 мыңдай адам қатысты. ТМД елдерінде, оның ішінде Киев қаласында коммунистік уағызды қолдайтын халық: “Совет Одағы жасасын! Совет Одағы – жеңілмейді!” деген үндеу көтеріп шықты. Беларусь астанасында 1 мыңға жуық адам біріккен оппозицияның лидері А.Милинкевичті абақтыдан босатуды талап етті. Жапония, Индонезия, Филиппин сынды Азия елдерінде де 10-мыңдаған халық өздерінің саяси және еңбекке деген құқықтарын қорғап шерулерге шықты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG