Accessibility links

БҰҰ-ғы АҚШ елшісі Джон Болтон Иранның ядролық бағдарламасы турасындағы қарар жобасы Қауіпсіздік кеңесінде бүгін қаралады деп жариялады


Бұл жөнінде ол Қауіпсіздік кеңесіндегі 15 елдің өкілдерінің жабық есік жағдайындағы басқосуы алдында айтқан. Джон Болтон қарар жобасын АҚШ пен Британия ұсынады және оған Франция да қосылады деген. Жобада Ираннан уран байытуды белгілі бір уақыттың ішінде тоқтату талап етіледі, олай болмаған жағдайда басқадай шаралар қолдану қарастырылатындығы жазылған дейді. АҚШ Иран ядролық қару жасауға ұмтылып отыр деп айыптайды, ал Тегеран болса мұны жоққа шығарады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG