Accessibility links

АҚШ Европа одағының қашқында жүрген Босния сербі Ратко Младичті тұтқындау турасында Сербия-Черногорияға қысым жасауына қолдау танытады


Кеше Белград Халықаралық соғыс қылмыстары трибуналына Ратко Младичті беру жөнінде қойылған екінші мерзім шегін өткізіп алған соң, Европа одағы Сербия-Черногориямен жақын байланыстар турасындағы келіссөзді тоқтатқан болатын. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Шон Маккормак Евродақ шешіміне қолдау білдірді.

- Егер Сербия-Черногория трибуналмен ынтымақтаспаса, Евро-Атлантиканың толық ықпалдастық та мүмкін емес. Біз аймақтағы барлық ел Радован Караджич пен Ратко Младич сияқты соғыс қылмыскерлері деп күдіктелгендерді тұтқындап, трибуналға тапсырады деп күтеміз.

Сербия президенті Воислав Коштуница Младичті іздеу жалғасып жатқанын және қашып жүрген генералды берілуге шақырғанын айтқан. Премьер-министрдің орынбасары Миролюб Лабуч үкімет Младичті тұтқындай алмай ел мүддесін сатты деп қызметінен бас тартып, отставкаға кеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG