Accessibility links

Армениялық ұшақ апатына ауа райының қолайсыздығы әсер еткен болар деген болжам айтылып отыр


Армения ұшағының апатына оның қонар кезде ауа райы жөнінде қарама-қайшы мәліметтер алғаны себеп болған шығар дейді Грузияның азаматтық әуе жолдары компаниясының өкілдері. Бортында 113 жолаушысы болған әуе кемесі Сочиға қонуға бет алған кезде радар бетінен көрінбей кеткен болатын. Грузияның әуе жолдарын бағдарлау қызметінің өкілі Теа Гадабадзе Грузияның авиадиспетчерлерінің әуе лайнерімен байланыстa болғанын және олар Сочидағы ауа райы қолайсыз болып тұрғанын айтқан кезде, Армения ұшағы кері қайтуға бет алған болатын деп айтқан «Азаттық» радиосына. Бірақ, арада 20 минут өткеннен кейін әуе кемесінің ұшқыштары грузиндерге Ресейдің Ростовтағы авиадиспетчерлерінен ауа райы турасында басқаша ақпарат алғандарын айтқан. Осыдан соң ұшақ апат болды. Ал Ресей тарабынан бұл айтылғандарға еш пікір білдірілмеген. Ұшақ апатында қаза тапқандарды жерлеу жұма күні болады.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG