Accessibility links

АҚШ-тың вице-президенті Қазақстанның президенті және оппозиция өкілдерімен кездеседі


Мамырдың 5-6 аралығында АҚШ вице-президенті Ричард ЧЕЙНИДІҢ Қазақстанға ресми сапар басталады. Онда негізінен бірақатар энергетикалық саладағы екіжақты уағдаластықтарға қол қойылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ал Қазақстандағы АҚШ елшілігі «Азаттық» радиосына АҚШ президенті Дж. БУШ вице-президент Чейниден Қазақстан президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВПЕН елдегі демократиялық реформаларды нығайту мақсатында да кездесуін сұрағанын айтты. Сонымен бірге оппозициялық "Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысының төрағасы Жармахан ТҰЯҚБАЙ сенбі күні АҚШ вице-президенті оппозиция мүшелерімен де кездесетіндігін айтып отыр

АҚШ-тың вице-президенті Ричард Чейнидің Қазақстанға сапары барысында республиканың жоғары лауазымды қызметкерлерімен бірқатар стратегиялық маңызды құжаттарға қол қойылатындығын айтты Сыртқы істер министрлігінің қызметкері Мұхтар КӘРІБАЕВ:

- Бұл сапар барысында екі жақты ынтымақтастық, халықаралық және өңірлік тұрақтылықты қаматамасыз ету, екі жақты энергетикалық ықпалдастық, терроризмге қарсы күрес, жаппай қырып-жою қаруын болдырмау, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, демократиялық өзгерістер тарапындағы мәселелерді талқылайды. Бұл сапар барысында бірқатар құжаттарға қол қю көзделіп отыр. Мәселен, Энергетика және минералды ресрустар министрлігімен АҚШ Қорғаныс министрлігі арасында жаппай қырып-жою инфрақұрылымын жою жөнінде келісімді өзгерту құжатына, экономикалық даму жөнінде Қазақстан-американ бағдарламасы бойынша ҚР мен АҚШ үкіметтері арасындағы түсіністік туралы мемарандумға қол қою жоспарланған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі екі жақты келісімдер негізінен экономикалық мәселелерді қамтитындығын айтса, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қызметкері Айнұр СЫДЫҚОВА «Азаттық» радиосына демократиялық реформалар тақырыбы да екі ел басшылығының кездесулері кезінде тысқары қалмайтындығын жеткізді:

- АҚШ президенті Дж. Буш вице-президент Чейниден Қазақстанға сапар шегіп, президент Назарбаевпен кездесу барысында бірегей стратегиялық мүдделеріміз бен демократиялық реформалар және экономикалық дамуға негізделген екі жақты қарым-қатыныстарды нығаюту мақсатында кездесуін сұрады.

Жалпы Қазақстандағы саяси ахуал АҚШ вице-президентінің Қазақстандағы оппозиция өкілдерімен сенбі күнгі кездесуі кезінде кеңінен сөз болатындығын тілге тиек етті «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының төрағасы Жармахан ТҰЯҚБАЙ:

- Біз көтерін мәселе – бізідң елдегі демократиялық-саяси ахуал. Ал Чейни мырзамен кездескенде біз Америка осында демократия орнатып берсін немесе осындағы демократияға баға берсін дейік деп отырған жоқпыз.

Оның сөзіне қарағанда, АҚШ-тың ресми өкілі бұл сапары кезінде «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы лидерінен өзге осы ұйым аясындағы «Нағыз ақ жол» партиясының теңтөрағалары Ораз ЖАНДОСОВ, Болат ӘБІЛОВ, Қазақстан коммунистер партиясының төрағасы Серікболсын ӘБДІЛДИНМЕН кездеседі. Сондай-ақ бұл жүздесуге Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан БАЙМЕНОВ те барады. Оның айтуынша, Қазақстан - АҚШ үшін стратегиялық маңызы бар ел. Чейнидің ресми сапары да - соның көрінісі:

- Әрине, бірінші кезекте – біздегі энергетикалық ресурстар. Мұнай-газ – АҚШ-ты өте қызықтыратын мәселе. АҚШ кез-келген ірі мемлекет сияқты тек бір ғана мұнай көзінен тәуелді болғысы келмейді. Екіншіден, біздің елдегі әлемдік маңызы бар оқиғалардың да әсері бар. Бұл біздің мемлекеттік маңызын көтеруде. Мысалы, Ауғанстандағы қалыптасқан жағдай, Иран мәселесі сөз болатын шығар. Жалпы АҚШ-тың Ресей және Қытай сияқты екі үлкен мемлекетпен көрші отырған мемлкеттің бағыт-бағдарымен танысқысы келетін мүддесі бар екені сөзсіз.

Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, АҚШ бұл сапары арқылы демократиялық жағдайға әсер етуді емес, ең бастысы Орталық Азия аймағындағы өз позициясын нығайтуды көздейді:

- Меніңше, бұл кездесудің мақсаты - жалпы Еуразия кеңстігі, Оңтүстік Азия болсын, осы жердегі саяси-әскери жағдайларға тиісті көңіл аударып, осындағы Америка мүддесін қалай қамтамасыз ету жағын ойластыру, осы жерде жұмыс істеп жатқан американдық инвесторлардың осындағы мүддесін қамтамасыз ету...

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, АҚШ президенті әкімшілігінің осындай дәрежедегі өкілінің Қазақстанға сапары 1993-ші жылдан бері алғаш болып тұр.
XS
SM
MD
LG