Accessibility links

Қазақстан экологтары Каспий маңында итбалықтар мен бекре балықтардың қырылып жатқанына алаңдаулы

  • Гүлмира ХАМЗА

Бұл туралы мамырдың 4 күні Каспий табиғатын зерттеп жүрген мамандар мәлімдеді. Ресми мәлімет бойынша соңғы күндері өліп қалған 800 бекре балық және 70 итбалық табылған. Бірақ би ресми деректер бойынша, бұл сан әлде қайда көп, ал тәуелсіз экологтар бұл жайында ақпарат ала алмай отыр. Олар балықтар мен итбалықтардың не себептен қырылғаны жайында да білмейді.

Қазақстандық мамандар Каспийдің Маңғыстау маңында балықтар мен итбалықтар не себептен қырылып қалғанын зерттеп жатыр. Себебі Қаламқас кен орны маңынан өліп қалған 800 бекре балық және 70 итбалық табылған. Ал шын мәніне келгенде бұл сан әлде қайда көп дейді бақылаушылар. Бірақ бізге барлық ақпарат берілмейтін болғандықтан біз әзірге қырылған балықтар жайында толыққанды білмейміз, деді “Каспий табиғаты” атты үкіметтік емес ұйым жетекшісі Махамбет Хәкімов:

-Қырылып қалған балықтар мен итбалықтарды зертханаға жіберген, екі-үш күнде оның нәтижесі анық болады, сол кезде не себептен балықтардың қырылғанын анықталады. Оқиға кеше ғана орын алды ғой, сол себептен біз білмейміз, не себептен қырылғанын айта алмаймыз.

Мамандардың айтуынша, әдетте балықтар мен итбалықтар жыл сайын сәуір-мамыр айларында қырылып тұрады. Сол себептен мұндай оқиғаға экологтар үйреніп кеткен. “Каспий табиғаты” үкіметтік емес ұйым қызметкерлерінің айтуынша, 2003 жылдың көктемінде балықтар мен итбалықтар екекше көп қырылған. Соңғы оқиғаға байланысты біз Атырау облысындағы экологиялық прокуратура қызметкерлерінің әрекетін бәлуге тырыстық, алайда күні бойын прокуратура телефондары жауап қайтармады. Ал Қазақстанның экологиялық министрлік мамандары министрлікте өтіп жатқан конференцияға сылтау жасап, қандайда бір ақпарат беруден бас тартты.

Бұдан бұрын Каспийдің Қазақстан маңында құстар қырылған. Егер үстіміздегі жылы бұл оқиғаны ресми орган мамандары құс тұмауымен байланыстырса, бұдан бұрыңғы жылдары құстардың қырылғанын ауа-райының ерекшілігімен түсіндірген, дейді қазақстандық экологтар. Қазақстанның экологиялық қоғамының мүшесі Асылхан Артықбаевтың айтуынша, негізінен, Каспийді табиғаты Кеңес Одағы кезіннен зардап шегіп келе жатыр:

- Мәселен, 1993 жылы балықтар мен итбалықтар қырылған, себебі Әзірбайжанда көтеріліс болды, ал бұл жерде Кеңес Одағы Қорғаныс министрлігінің химиялық қоймасы болған. Сол 1993 жылы көтеріліс болғанда химиялық қоймадағы зиянды заттарды Каспий суына тастады. Соңынан ол химиялық заттар сақталған ағаш ыдыстар судың бетіне шықты. Бұл оқиғадан кейін белгісіз себептермен Каспийдің солтүстігінде бір миллиондай құс қырылып қалған. Мұндай оқиғалар Каспийда болып тұрады, ал қазіргісі менің жеке пікірімше,мұнай бұрғылау салдарынан орын алып отыр. Бұрғылау кезінде жер астында газ шығып кеткен сияқты,сол газға ұланған, бірақ бұл менің жеке пікірім.

Каспийдің солтүстік жағы экологтардың айтуынша, Ресей мен Қазақстанның өнеркәсіп орындарының қалдық тастайтын жеріне айналған. Онымен қоса Атырау облысында 20 кен орны су астында қалғандықтар су айдының экологиялық жағдайы мүлдем нашарлап кеткен. Бұл мәселелерді Каспий маңында жатқан елдер бірігіп шешуі тиіс дейді “Каспий-21 ғасыр” атты үкімсеттік емес ұйым жетекшісі Ибрагим Көшенов:

- Каспий маңында жатқан елдер теңіздің құқықтық мәртебесін анықтап, Каспийда бар мәселені бірігіп шешуі керек. Осы мақсатта арнайы орган құрылып, арнайы мамандар кеңесуі керек. Ал негізінен, Каспий өте ерекше теңіз, бұл теңіздің табиғаты ерекше табиғат деп, айтуға болады. Бұл теңіздің табиғаты таза болғаны Каспий маңындағы елдерге, осы елдердің халқына, оларды денсаулығына пайдалы. Бұл тек бұл елдер халқына емес, күллі әлем мемлекеттеріне маңызды.

Мамандардың тұжыры бойынша, әлемде бар бекре тұқымдас балықтың 90 пайыз қоры Каспийда. Мұның құны 500миллард АҚШ долларын құрайды.
XS
SM
MD
LG