Accessibility links

Бүгін Ирақта кемінде 24 адам, оның ішінде 2 АҚШ жауынгері қаза болды


Бүгін Ирақта Бағдадтан батысқа қараған бетте АҚШ әскері әуеден соққы беріп, кем дегенде 13 адам қаза тапты. Франс-Пресс агенттігінің хабарлауынша, АҚШ әскерінің басшылығы әуеден соққы бергенін растады, бірақ оның жай-жапсарын хабарламады. Оның алдында Бағдадтағы сот ғимаратының іргесінде жанкешті-лаңкес өзін-өзі жарып, одан кемінде 9 адам мерт болып, негізінен 50-ге жуық бейбіт тұрғын жараланды. Оған қоса Бағдадта жол бойына орнатылған бомбаның жарылысынан 2 АҚШ жауынгері көз жұмды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG