Accessibility links

Ресей АҚШ вице-президенті айтқан сынды қабылдамады


Дик Ченей Ресей демократиялық құндылықтардан алыстап барады деп мәлімдеген болатын, Ресей бұл айтылғандардың мүлде негізі жоқ деген жауап қайтарды. Кремлдің ресми өкілінің орынбасары Дмитрий Песков бұл Ченейдің жеке субьективті пікірі деді. Вильнюстегі Балтық пен Қара теңіз аймағы елдері жетекшілерінің форумында сөйлеген сөзінде АҚШ вице-президенті Ресей қуат көздерін экспорттауды көршілес елдерге қысым көрсету үшін пайдалануды доғарып, демократиялық бағытқа оралуы қажет деп атап көрсеткен болатын.
XS
SM
MD
LG