Accessibility links

Бүгін Армения мен Ресей Сочи маңайындағы ұшақ апатында қаза тапқан марқұмдарды жерлеу рәсімдерін өткізеді


Мамырдың үші күні Ереваннан Сочиге ұшып келе жатқан Армения жолаушылар ұшағы қатты жаңбыр салдарынан қонар кезде теңізге құлаған болатын. Көлік министрі Игорь Левитин бейсенбі күні 53 адамның мәйіті табылғанын, 37 адамның мәйіті кімдердікі екені анықталып жатқанын айтқан. 113 жолаушының басым көпшілігі армяндар болған еді. Федералдық прокурор ұшақ апатына террорлық шабуыл себеп болуы мүмкін дегенді жоққа шығарады, апат ауа райының қолайсыздығынан не болмаса ұшқыштардың қатесінен болуы ықтимал дегенді айтады.
XS
SM
MD
LG