Accessibility links

Қауіпсіздік кеңесінде Франция-Британия ұсынған қарар жобасы талқылануда


Кеше Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі Ираннан уран байытуды тоқтатуды талап ететін Франция- Британия ұсынып отырған қарар жобасына байланысты шұғыл ақылдасулар өткізді. Франция, Британия, Қытай мен Ресей және АҚШ өкілдері қарар мәтіні бойынша жабық есік жағдайында пікір алмасты. Франция-Британияның қарар жобасы қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда экономикалық санкциялар немесе әскери қимылдарға баруға мұрсат беретін БҰҰ Хартиясының 7-ші бабына шақырады. Қарар қабылдануы үшін кем дегенде қолдаушы 9 дауыс болуы керек. Ал вето құқы бар бесеудің біреуі вето қойса қарар жобасы өтпейді. Қауіпсіздік кеңесінің вето құқы бар екі мүшесі Ресей мен Қытай Иранға қарсы санкциялар салынуына не әскери қимылдар қолданылуына өздерінің қосылмайтындықтарын айқын білдіріп келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG