Accessibility links

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының директоры Портер Госс отставкаға кетті


Журналистер алдында сөйлеген сөзінде ол өзінің қызметтен кетуінің себептері жайында ешнәрсе айтқан жоқ. Портер Госс бұл қызметті екі жылға жетпейтіндей уақыт атқарды. АҚШ президенті Дж.Буш Госстың отставкасын қабыл алғанын мәлімдеп, оған адал қызметі үшін алғыс білдірді.

- Ол бұл қызметте болған уақытта мен Госспен жақын қарым-қатынаста болдым, мұның өзі Орталық барлау басқармасының директоры үшін өте маңызды. Ол көп уақытын жұмыста өткізді, маған жақсы ақыл-кеңестер берді. Мен оның жұмысқа берілгендігін жоғары бағалаймын, - деді президент.

Госстың орнына енді кімнің директор болары әзірге белгісіз.
XS
SM
MD
LG