Accessibility links

АҚШ вице-президенті Дик Чейни Хорватия, Македония және Албания елдерінің НАТО мен Еуроодаққа мүше болуға талпыныстарын қолдайды


“Адриат Хартиясы” тобының басқосуында сөйлеген сөзінде Чейни аталған үш елдің демократиялық реформаларды жүзеге асыру әрекеттеріне оң баға берді. Осы елдердің Ирақ пен Ауғанстандағы АҚШ жетекшілігіндегі әскери операцияларға қатысуы “өте маңызды қадам” деді Чейни. Хорватия, Македония және Албания елдері НАТО одағына мүше болу мақсатында “Адриат Хартиясына” 2003 –ші жылы АҚШ-та қол қойған болатын. Литва мен Қазақстанға барып қайтқан, АҚШ вице-президенті Дик Чейни жексенбі күні Вашингтонға оралады.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG