Accessibility links

Ирақтағы шабуылдардан 30-ға жуық адам қаза тапты


Ирақтың Кербала қаласында болған жарылыстан кемінде 15 адам құрбан болып, ондаған кісі жараланды. Бұл шабуыл қала орталығындағы бір автобус аялдамасында болды. Полицияның хабарлауынша, бүгін Бағдадтың солтүстігінде орын алған екі жарылыстан кемінде 9 адам қаза тауып, 20 кісі жарақат алды. Ал Британия әскері Ирақтың Басра қаласында құлаған тікұшақ апатының себептерін тексеріп жатыр. Ол апаттан 5 адам құрбан болған еді.
XS
SM
MD
LG