Accessibility links

Дж.Буш: “Баспасөз, дін бостандығы бар шынайы демократияға Ресей дайын ба?”


АҚШ президенті Дж.Буш Ресей президенті В.Путинмен арадағы қарым-қатынасын “жылы-шырайлы” деп бағалайды. Оның айтуынша, АҚШ пен Ресей ядролық қаруды таратпау, терроризмге қарсы күрес проблемалары бойынша өзара ынтымақтас. Өткен жұма күні немістердің “Билд” газетіне берген сұхбатында АҚШ президенті осылай деп атап көрсетті. Бірақ, Дж.Буштың айтуынша, Ресей қарама-қайшы пікір туғызып, АҚШ үкіметін “баспасөз, дін бостандығы және тағы басқасы бар шынайы демократия орнатуға Ресей дайын ба?” -деген ойға қалдырды. Дж.Буштың мәлімдеуінше, АҚШ В.Путиннің саяси мақсат-мүддесіне жету үшін мұнай компанияларын пайдалануына алаңдайды. Өткен аптада АҚШ-тың вице-президенті Ричард Чейни Ресейді демократия құндылықтарынан кейін шегініп, мұнай-газ қорын көрші елдерге қысым көрсетуге қолданып отыр деп айыптаған болатын. Ресейдің сыртқы істер министрлігі Чейнидің пікірімен келіспеді.
XS
SM
MD
LG