Accessibility links

Иран БҰҰ-ының өзіне жаза қолдану туралы кез-келген Қарарына қарсы болады


ВАШИНГТОН. АҚШ президенті Дж.Буш халықаралық қауымдастықты бір майдан болып Иранды ядролық бағдарламасын тоқтатуға мәжбүр етуге шақырады. Немістердің ARD телеарнасына берген сұхбатында Дж.Буш, оның өз сөзімен айтқанда, “азат әлем” біріге отырып өзіне не ядролық ізденістерін жалғастыруға, не ядролық қаруға ие болуына жол бермейтінін Иран білуге тиіс деп мәлімдеді. Ақ үй Дж.Буштың бұл сұхбатын АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Англия және Германия, сондай-ақ Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің Нью-Йоркте бүгін өтетін келіссөзінің алдында жарыққа шығарды. Ресей мен Қытай - Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде Иранға қарсы Қарар қабылдауына қарсы. Кеше ресми Теһран БҰҰ-ының өзінен уран байытуды тоқтатуын талап ететін кез-келген шешіміне қарсы болатынын мәлімдесе, Иран парламенті ядролық қаруды таратпау Келісімінен шығатынын ескертті.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG