Accessibility links

АҚШ пен Еуроодақ теріс айналған соң Палестинаға Израиль арабтары көмек берді


ТЕЛЬ-АВИВ. Кеше Израильде тұратын арабтар Палестинаға 250 тонна азық-түлік жолдады. Бұл көмекті Израильдегі араб қауымдастығының белсенділері 2 апта бойы жинады. Оның қарсаңында Дүниежүзілік банк егер Палестина үкіметінің соңғы 2 ай бойы айлық жалақысын алмаған қызметкерлері жалақыларын тағы алмайтын болса, онда Палестина билігі толық тығырыққа тірелуі мүмкін деп ескерткен болатын. Палестинаның атқарушы билігіне Израиль мемлекетін мойындағысы келмейтін “Хамас” тобы келген соң, Еуропа Одағы мен АҚШ автономияға беретін тікелей қаржылық көмегін тоқтатты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG