Accessibility links

“Ақ үй” Иран президенті М.Ахмадинеджадтың хатын кеше алғанын растады


ВАШИНГТОН. Вашингтонның мәлімдеуінше, Иранның АҚШ-қа жолдаған жаңа хатында Иранның ядролық бағдарламасынан туып отырған халықаралық проблеманы шешуге қатысты жаңа ештеңе айтылмайды. Ақ үйдің өкілі Скотт Маклеллан Иран президенті Махмуд Ахмадинеджадтың хатын Вашингтонның кеше алғанын растады. Ал Иранның өкілі Әли Лариджанидің мәлімдеуінше, Ахмадинеджадтың Дж.Бушқа жолдаған хаты Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын дипломатиялық жолмен шешуге жаңа мүмкіндік беруі мүмкін.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG