Accessibility links

Иран президенті Индонезияға сапары барысында ислам елдері басшыларының форумына қатысады


ДЖАКАРТА. Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад сапармен Индонезияға келеді. Оның осы сапары қарсаңында Индонезияның сыртқы істер министрі Хасан Вираджуда Иранның бейбіт ядролық технологиясын дамытуға деген құқын ресми Джакартаның мойындайтынын, бірақ ядролық қару жасауына қарсы екенін атап көрсетті. Ахмадинеджад пен Индонезия президенті Сусило Бамбанг Юдхонойоның өзара келіссөзі барысында Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарыс та сөз болуға тиіс. Өткен айда Индозенияның сыртқы істер министрлігі Иранның осы елдің мұнай және газ саласына 600 млн. доллар инвестиция салуға міндеттенгенін хабарлады. М.Ахмадинеджад жұма күні ислам елдері басшыларының Бали аралында өтетін кездесуіне баратын сияқты.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG