Accessibility links

АҚШ Суданда бітімгершілік қызмет атқару жайында қаулыны тезірек қабылдауға шақырды


АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қайырылып, Суданда бітімгершілік қызмет атқару жайында қаулыны тезірек қабылдауға шақырды. Қаулы бойынша БҰҰ бітімгершілік жасағының мандаты созылмақ, Суданның Дарфур өлкесінде орналасқан Африка Одағы елдері әскерлерінің саны көбеймек. Судан үкіметі мен Дарфур көтерілісшілері өткен аптада бейбіт келісімге қол жеткізген болатын. Қаулы жобасында осы келісімді іске асыру шаралары қарастырылып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG