Accessibility links

Ирақ үкіметі апта аяғына дейін жасақталуы мүмкін


Бүгін Ирақ премьер министрі Нури Камил әл Малики осы аптаның соңына дейін үкімет құрамы анықталып қалар деген үмітін білдірді.

“Мен үкімет құрамы аптаның соңына дейін анықталып парламентке бекітілуге ұсынылады деп үміттенем және жоспарлап отырмын. Министрлерге қатысты ішкі істер және қорғаныс министрлері мен осыған дейін айтқандай, және менімен парламенттегі партия жетекшілері келіскендей, бұл қызметке ешқандайда өз әскери жасағы бар партияға мүше емес тәуелсіз кандидаттар тағайындалуы керек”.

Оның айтуынша, кабинет нақты бес министр бойынша құралады олар мұнай, қаржы, қорғаныс, сыртқы істер және ішкі істер министрлері болмақ.
XS
SM
MD
LG