Accessibility links

Әлемде алтын бағасы қымбаттады

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Мұнай бағасының көтерілуі, инфляцияның ұлғая түсуі, Иран ядролық бағдарламасына байланысты теке-тірестердің ширығуы әлемде алтын бағасының күрт көтеріліп кетуіне әкеліп отыр. Биылғы жылдың өзінде оның бағасы үштен бір есеге көтеріліп, 28,3 грамы 700 долларды құраған екен. Бұл-соңғы ширек ғасырдағы ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр. Осыған орай Азаттық тілшісі Каслин Мур Әлемдік Алтын кеңесінің өкілі Жил Лейландпен сұхбаттасқан болатын.

“Алтын бағасының көтерілуіне не себеп болды?” деген сауалға Әлемдік Алтын кеңесінің сарапшысы Жил Лейланд ханым былай деп жауап берді. Жалпы саяси және экономикалық себептер алтын инвестициясына жақсы жағдай жасап отыр. Құрама Штаттарының қазіргі төлем есебіндегі, әсіресе саудадағы тапшылығына орай АҚШ доллары одан әрі құлдырауы мүмкін. Сондай-ақ мұнай бағасының өсуі және инфляция деңгейі де, Иранға байланысты саяси жағдайлар да күрделі кезеңді туындатуда. Осы жайыттардың барлығында да алтын әбден сыналған қорғаныш боп есептелуде. Азаматтардың қолындағы алтынын ешкім тартып ала-алмайды.

«Экономикалық саясатты дұрыс жүргізе алмаған үкіметтер жеке ұлттық ақшаларының деңгейін сақтап тұра алмауы мүмкін. Ал ол үкімет жеке - адамдардың қолындағы алтын құнына ықпал ете алмайды», - дейді Лейланд сарапшы.

Алдағы жылдарда алтын өндіру көлемі төмендеуі мүмкін деген де қауіп бар. Алайда, алтынға деген сұраныс күшті күйінде қалып отыр. Орталық банктер алтын мәселесіне түрлі көзқараспен келуде. Орталық банктер шешіміне ұзақ уақыт қажет болғандықтан таяу болашақта үлкен өзгерістердің бола қоюы екі талай. Алтын құнының өсу үдерісінен кімдер пайда көруі мүмкін? деген сауалға Әлемдік алтын кеңесінің сарапшысы Лейланд былай деді:

“Бұл үдерістен алтын өндіруші елдер пайда табатын болады. Және әлемде көптеген кедей елдердің алтын өндіруші мемлекеттер екендігін айта кету маңызды. Әлемдегі Мали, Лаос сияқты кедей елдер үшін алтын өндіру - маңызды сала. Демек, алтын компанияларымен қоса аталған елдер де пайда көретін болады”.

Бұл жолы алтынның әрбір 28,3 грамының құны 704 АҚШ долларына жетті. Мұның өзі соңғы 25 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр. Алайда, ол 1980-ші жылғы ең биік шыңына жете алған жоқ қой?- деген сауалға Лейланд ханым ол жолы алтын құнының 20 минутқа ғана 850 доллар деңгейіне көтерілгендігін айтып өтті. Қазіргі доллар бағамымен есептегенде мұның өзі 2000 доллардан да жоғары болмақ екен. Демек алтын әлі де болса арзан деңгейде дегенді білдіре ме? деген сауалға Лейланд сарапшы:

“Бұл сіздің көзқарасыңызға байланысты. Алтын бағасы еркіне жіберілген 1971-ші жылдан бергі аралықтағы алтынның шынайы құнына бағамдап қарар болсаңыз және ұзақ мерзімдегі деңгейін бағалар болсаңыз, онда әлгі айтылған ұзақ мерзімдегі алтынның шынайы бағасының бұл сәл ғана көтерілгені десе болады. Осы көзқараспен қарағанда алтын бағасы жасанды түрде көтерілген жоқ”, - деп жауап берді.

Өткен жылы қымбат бағалы әшекей бұйымдары бағасының 9 пайызға өскендігіне қарамастан оны сатып алу деңгейі 5 пайызға көтерілген екен. Долларға шаққанда ол үдеріс 14 пайызға көтерілді деген сөз. Азия мен Таяу Шығыстағы базарларда жаңа қымбат бағаға тұтынушылардың бойы үйренгенге дейін сатып алу деңгейі төмен күйінде қалмақшы. Дей тұрғанмен, сатып алу деңгейі қайта көтерілетін болады. Алайда оның қашан жүзеге асатындығын айту қиын, дейді Лейланд ханым.
XS
SM
MD
LG