Accessibility links

Тәжікстанда күдікке ілінген полиция қызметкерлері қамауға алынды


Тәжікстанда Исламшыл партия мүшесінің өліміне қатысы бар деген күдікпен үш полиция қызметкері тұтқындалды. Бұл туралы Душанбе прокуратурасы хабарлады. Мамырдың 3-і күні полиция қызметкерлері Ислам жаңғыруы партиясының белсендісі 45-жастағы Садулло Маруфовты тергеу жұмысына байланысты сұраққа алып, кейінірек, “Маруфов полиция кеңсесінің үшінші қабатынан секіріп, өзін өлтірді” деген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG