Accessibility links

Британия бас прокуроры Гуантанамо түрмесін жабуға шақырды


Британия бас прокуроры лорд Голдсмит Америка Құрама Штаттарының Гуантанамо түрмесі жабылу керек, себебі бұл түрме Америка азаттық құндылығына кір келтіреді деп мәлімдеді. Британия бас прокуроры кешегі сөзінде Куба аралында орналасқан Гуантанамо түрмесінің қызмет етіп тұрғаны орынсыз нәрсе деді. Гуантанамо түрмесінде терроризм айыбы бойынша тергеліп жатқан азаматтар қамалған. Мұнда адам құқықтары бұзылады деген сын көп.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG