Accessibility links

Кофи Аннан Иранды сабырлық танытуға шақырды


БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Иранды ядролық бағдарлама мәселесі бойынша келіссөзге ашық болуға шақырды. Британия, Франция және Германия Иранның уран байыту қызметін тоқтату мақсатында жаңа шаралардың жобасын дайындап жатыр. Кофи Аннан сәрсенбі күнгі сөзінде шаралар жобасы дайындалған соң Иран мен халықаралық қауымдастық анық шешімге келе алар деген үмітін айтты. Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі Виталий Чуркин Қауіпсіздік Кеңесінің қаулысы жаңартылып, Иран мәселені шешу жолын таңдай алатын екі мүмкіншілік қарастырылады деп айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG