Accessibility links

Сәрсенбі күні қаза болған Ахматбаевтың жақтастары шеру өткізді


Бүгін Қырғызстанның Балықшы қаласында саясаткер, қылмыстық топтың басшысы деп саналатын Рысбек Ахматбаевты жақтастары оның өліміне қатысты әділ тергеуді талап етіп шеру өткізді. Ахматбаевтың туған қаласында өткен ереуілге 2 мыңдай адам жиналған. Рысбек Ахматбаевты сәрсенбі күні кешкісін Көкжар ауылындағы мешіттен шығып бара жатқанда белгісіз біреулер атып кеткен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG