Accessibility links

Бүгін Әндіжан қырғынына бір жыл болды


Өзбек әскері 2005 жылы 13 мамырда бейбіт демонстрацияға шыққан халыққа оқ атты. Ислам Кәрімовтің үкіметі Әндіжанда 187 адам қаза тапты дейді. Оқиғаны көргендер мен адам құқықтарын қорғау ұйымдары адам шығыны әлде қайда көп дейді. Әндіжан оқиғасы тәуелсіз жолмен тергелу керек деген талапқа Америка Құрама Штаттары да қосылды. Еуропа Одағының сыртқы саясат үйлестірушісі Хавиер Солана өзбек үкіметінің мұндай тергеуге рұқсат бермей қойғанына "қатты өкініш" білдіреміз деді. Бүгін Лондон және Брюссель сияқты қалаларда тәуелсіз тергеу талабын қоятын демонстрациялар өту керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG