Accessibility links

Өзбек шекарасының маңында Әндіжан қырғынына лағнет айтылды


Өзбек шекарасында орналасқан қырғыздың Қарасу қаласында кеше Әндіжан қырғынының бір жылдығын атаған демонстрация өтті. Рұқсат етілмеген демонстрацияға 60 шақты адам қатысты. Олар әлем қауымдастығына қайырылып, Әндіжан трагедиясын ұйымдастырған президент Ислам Кәрімовті жауапқа тартуға шақырды. Өзбек оппозициялық "Ерік" партиясының мүшесі, Қырғызстанда босып жүрген Исроилхон Холдаров радиомызға айтқан сөзінде Әндіжан қырғынын ешкім ұмытпау керек, диктатор Кәрімовтың билігі тоқтатылу керек деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG