Accessibility links

Бүгін Брюссельде Иранның ядролық мәселесі қаралады


Бүгін Британия, Франция және Германия елдерінің сыртқы істер министрлері мен Еуроодақтың сыртқы саясат мәселелері бойынша басшысы Хавиер Солана Брюссельде кездесіп, Иранның ядролық мәселесін талқылайды. Ал Иран президенті Махмұд Ахмадинежад ядролық бағдарламамыздан бас тартпаймыз деп қайталап айтты. Ақ Үй өкілі Иранның ядролық бағдарламасына қатысты онымен тікелей келіссөз өткізу жөніндегі шақыруларды жоққа шығарды. Ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша Ақ Үй кеңесшісі Стефен Хадлей Си-Эн-Эн-ге берген сұхбатында ең жақсысы ол талқылауларды БҰҰ-ның отырысында қарастыру керек деді. Бұдан екі күн бұрын БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Вашингтонды Теһранмен тікелей келіссөз өткізуге шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG