Accessibility links

Еуропалық Одақ Иранға “ерекше” ұсыныс жасамақшы


Еуропа Одағы Иранның ядролық бағдарламасы төңірегінде қалыптасып отарғын мәселені шешу мақсатында Теһранға “ерекше” ұсыныс жасауға дайын. Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы саясат мәселелері бойынша басшысы Хавиер Солана Брюссельдегі жиналыстан кейін хабарлады. Оның айтуынша, Еуроодақ Иранға өзінің ядролық технологиясын ұсынбақшы. Сол арқылы атомдық энергетикасын дамытуға Теһранның мүмкіндігі болады, деді Солана. Бұған қоса, Еуроодақтың жаңа ұсыныс жоспарына сондай-ақ экономикалық жеңілдіктер және саяси ынтымақтастық мәселесі де енгізіліп отыр. Бірақ ең маңыздысы Иран барлық уран байыту әрекеттерін тоқтатуы керек, деді Солана.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG