Accessibility links

Иран президенті Махмұд Ахмединежад уран байытудан бас тартуға шақыратын Евродақтың кез келген ұсынысын қабылдамайтындығын мәлімдеді


Ол сондай-ақ Иран уран байытуды тоқтатпайды деп атап көрсеткен.

- Олар айтады, біз сендерге ниет-стимул береміз деп. Біз айтамыз, өз ниетің өзіңе деп. Біз сендерден ешқандай жақсылық күтпейміз, сендер бізге тек жамандық бермеңдер дейміз.

Бұдан бұрын Евродақ үштігі - Франция, Британия, Германия Иран уран байытудан бас тартатын болса, жеңіл суда жұмыс істейтін атом реакторын береміз деп ұсыныс жасаған болатын. Осы жоба Евродақ үштігі мен АҚШ, Ресей, Қытай өкілдерінің кездесуінде талқылануы тиіс еді.
XS
SM
MD
LG