Accessibility links

Иран уран байыту бағдарламасын тоқтату жөніндегі ЕуроОдақ ұсынысын қабылдамайды


Президент Ахмадинежаттың теледидардан айтуынша, «бұл сенің алтыныңа жаңғақ пен кәмпит беремін деп баланы алдағандай ойын». Одақ мүшелері Британия, Франция және Германия Иран шартқа көнсе жеңіл сулы ядролық реактор бермек болған еді. Ал Ресей сыртқы істер министрі Лавров бұл халықаралық дау жөнінде:

- Біз ЕуроОдақтан бұл үштік елдің ұсынысын қолдаймыз. Иран бұған тиісті жауабын беруі керек. Бұл жағдайды шешетін жалғыз жол десе болады, - деді.
XS
SM
MD
LG