Accessibility links

Қырғыз оппозициясы жедел реформалардың жүргізілуін, саяси ұйымдардағы сыбайласқан жемқорлыққа тиым салынуын талап етуде

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Перзидент Құрманбек Бакиев үшін мұның өзі қос бірдей қиын түйін болып отыр. Таяуда, мамырдың 10-да болған, үкімет құрамындағы ауыс-күйістер де Бакиев беделіне тікелей әсер етіп, нығайта түскен сыңайлы.

Қырғызстанның саясат саласында қылмыс әлемінің әсері мықты, деген сөз перзидент Бакиевтің билігіне оңай соғып тұрған жоқ. Өткен жылдың қазан айында түрмедегі көтеріліс кезінде депутат Тынышбек Ахматбаев қаза болғаннан кейін оның орынына ағасы Рысбек Ахматбаев ұмтылған болатын. Өткен айдағы сайлаулар кезінде ол жеңіске жетіп, Парламенттен орын алмақ болған-ды. Алайда қылмыс әлеміндегі әрекеттеріне байланысты Парламентке ол жіберілмеген еді. Парламенттегі орын өзіне берілмеген жағдайда үкімет құрамындағы небір тұлғалардың қылмыс әлемімен байланысын ашатындығын айтып, ол қоқан-лоққы көрсеткен де болатын. Кейбір сарапшылардың айтуынша, 10-мамыр күні Рысбек Ахматбаевтің өлтірілуі Құрманбек Бакиевке пайдаға шығып тұр-міс. Мысалы, Мәскеуде орналасқан Саясат технологиялары орталығы басшысының орынбасары Сергей Михеевтің Азаттық радиосына айтуынша, бұл өлімнен кейін президент Құрманбек Бакиевтің билігі нықтала түскен.

“Президент Асқар Ақаевтің билігі тұсында қылмыстық элементтер елде мықты рөл атқарды. Олар 2005-ші жылғы қызғалдақ төңкерісінің де қозғаушы күші болды. Сонымен, төңкеріс басшылары Бішкек қаласындағы және басқа да өңірлердегі қылмыстық әлемнен едәуір көмек алды. Бұл - шындық. Оған жауап ретінде қылмыс әлемі өкілдері саяси ықпалды талап еткен болатын. Олар саясат саласына еніп, өз әрекеттерін заңдастыруға және ұлттық экономикада маңызды буындарға ие болудағы өздерінің мақсаттарын ашық түрде айтып жүрді. Әрине, ондай талаптарды Бакиевтің қабылдамайтындығы айқын еді”, - дейді Михеев.

Бакиев билігінің мығымдана түсуіне тағы бір жағдай әсер етті, дейді сарапшылар. Көкектің 29-ы күні Бішкекте оппозициялық күштер шеру жасаған болатын. Осы оқиғадан кейін бірнеше жоғарғы деңгейдегі өкілдер өз еркімен, ал біразы бұйрықпен қызметінен кеткен еді. Мамырдың 10-да болған осы ауыс-күйістен де Бакиев пайда көрді, дейді сарапшылар. Мысалы, Ұлттық қауіпсіздік министрі Таштемир Айтбаев пен Мемлекеттік хатшы Дастан Саригуловтар халық алдында саясаткер ретінде мықты бедел жинап келе жатқан еді. Президент олардан да құтылды. Парламент төрағалығынан өз еркімен кеткен Өмірбек Текебаев болса, қазір «Реформалар үшін» оппозициялық тобы жетекшілерінің бірі. Ол топ 27-мамырда кең көлемде шерулер өткізуді жоспарлауда. Бішкектің орталық алаңында болатын ол шеруге 50 мыңнан аса адам қатысады, дейді Текебаев. Дей тұрғанмен, Үкімет басшысы Феликс Кулов пен Бакиев одағы мығым күйінде қалып отыр. Шерушілер Куловтың қызметтен кетуін талап еткенде Бакиев Куловты қолдап шықты. Депутат Кубатбек Байболов бұл жөнінде былай деді:

- Бакиевтің жаңа үкіметі алдында елде реформалар жүргізіп, шынайы өзгерістер жасау міндеттері тұр.
XS
SM
MD
LG