Accessibility links

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гилманд провинциясында Талибан жауынгерлерімен қатты шайқас жүріп жатыр


Ауған әскерлерінің басшысы бұл шабуылдың жұма күні кешке қарай талибан жасақтары әскерлерге шабуылдаған кезде басталып, бүгін де жалғасып жатқанын айтқан. Соңғы деректерге қарағанда, кемінде 12 адам қаза тапса, олардың 10-шақтысы көтерілісшілер. Кеше сондай-ақ оңтүстіктегі Урузган провинциясында талибан жасақтары ауған-американдық патрульге шабуыл жасап, бір американдық қаза тауып, алты адам жараланған. Соңғы бірнеше күнде Ауғанстанның оңтүстігіндегі қақтығыстар кезінде 100 ден астам талиб өлтіріліп, оншақтысы тұтқынға алынған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG