Accessibility links

Ирақтың жаңа премьері елдегі қантөгісті тоқтатуға бар күшін жұмылдырады


Бүгін Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәлики жаңа ұлттық үкіметтің бірінші мәжілісін өткізді. Кейінірек Әл-Мәлики журналистерге елдегі ұлттық бірлікті нығайту, елдің қираған инфрақұрылымын қалпына келтіру және Бағдад қаласының қорғанысын жетілдіру арқылы көтерілісті бұқара халықтың қолдауынсыз қалдыруға бар күшін салатынын мәлімдеді. Ол Ирақты қанға тұншықтырған көтеріліске тойтарыс беру үшін өз үкіметінің бар күшін аямайтынын атап көрсетті. 5 айға созылған талас-тартыстан кейін Ирақ прарламенті жаңа үкіметті кеше мақұлдады. Бұл – Ирақтың АҚШ басып кіріп С.Хусеиннің билігін құлатқан 2003-інші жылдан бергі бірінші толыққанды үкіметі. Үкімет мәжілісімен қатар елде жаңа жарылыстар мен тосын шабуылдар жалғасып жатты. Бір Бағдадтың өзінде кемінде 19 кісі мерт болып, тағы талай адам жараланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG