Accessibility links

Палестина президенті үкіметтің сыртынан неге Израильмен келіссөз жүргізді?


ШАРМ-АШ-ШАЙХ. Бүгін Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас Израильдің сыртқы істер министрі Ципи Ливнимен кездесті. Бұл басқосу – Мысырда өтіп жатқан Таяу Шығысқа арналған Дүниежүзілік экономикалық форумының сыртында болды. Кездесудің жай-жапсары беймәлім. Бірақ Израиль радиосының хабарлауынша, Аббас пен Ливни ханым Автономия үкіметін жасақтаған экстремистік “Хамас” тобынан тыс өзара бірлескен іс-қимыл жөнінде келісіп көруге тиіс. Сондай-ақ бүгін Израиль үкіметі Палестина үшін жиналған салықтың бір бөлігін Автономияға қажетті медицина жабдығын сатып алуға беру туралы шешім қабылдады.
XS
SM
MD
LG