Accessibility links

Индонезия мұсылмандары жезөкшелікке қатаң тыйым салуды талап етеді


ДЖАКАРТА. Индонезия астанасы - Джакарта мұсылмандардың “Жезөкшелікке қарсы күрес туралы” заңды дереу қабылдауды талап еткен жаппай шеруі болып өтті. Аталған заң жобасы қабылданатын болса, онда іс жүзінде қоғамдағы барлық зайырлы салт-дәстүрге тосқауыл қойылады. Ол жобада жезөкшелікке қоса, қоғамдық жерлерде сүйісуге, билеуге, эротикалық поэзияға, сурет салып, фотосурет және кино түсіруге тыйым салу қарастырылған. Кертартпа ислам топтарының ұйымдастыруымен өткен наразылық шеруіне 100 мыңдай адам шықты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG