Accessibility links

Палестина президентінің үзеңгілестері бұл қастандықты “Хамас” мүшелері ұйымдастырды деп санайды


РАМАЛЛА. Газа аймағында Палестина автономиясының президенті М.Аббастың тағы бір беделді үзеңгілесінің өміріне қастандық жасамақ болды. Автономияның барлық барлау қызметінің бастығы әрі “ФАТХ” қозғалысының мүшесі Әбу Шбак тұратын үйінің іргесінен бүгін 70 келі болатын бомба табылды. Кеше (сенбі күні) Палестинаның барлау қызметінің штаб-пәтерінде болған болған бомба жарылысынан оның басшысы Тариқ Әбу Раджаб ауыр жараланды. Аббастың үзеңгілестері бұл қастандықты автономия үкіметін жасақтаған экстремистік “Хамас” тобы мүшелерінің ұйымдастырғанына күмән келтірмейді.
XS
SM
MD
LG