Accessibility links

АҚШ Иранға қауіпсіздіктің кепілдігін беруді қаламайды, ал Иран байытылған уранды импорттамайды


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райстың айтуынша, Еуропалық одақтастар Вашингтоннан егер Иран уранды байыту бағдарламасынан бас тартқан болса, оған Вашингтонның қауіпсіздік кепілдігін беруін сұраған жоқ. Еуроодақтың Германия, Франция және Ұлы Британия сынды 3 елі Иран үшін дайындап жатқан жаңа ұсынысының ішінде Теһранға қауіпсіздік кепілдігін беруді де қосқанын айтқан хабарында Американың “Фокс” телеарнасы Райс ханымның осы сөзін келтірді. Оның айтуынша, АҚШ Иранға қауіпсіздік кепілдігін беруді көздемейді. Бүгін Теһранда сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Риза Азефи: “біздің Натанзға барлық байытылған уран Исфаханнан жеткізіледі. Оның сапасы жоғары және біз шетелдің ешқандай байытылған уранына мұқтаж емеспіз”, деп “Иран шетелдің байытылған уранын қолданып жатыр” дегенді жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG