Accessibility links

АҚШ-қа сапары алдында Израиль премьері Палестинаға тиесілі ақшаның бір бөлігін ғана берді


ВАШИНГТОН. Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерт 3 күндік сапармен Вашингтонға келді. Оның барысында Ольмерт АҚШ президенті Дж.Бушпен және мемлекеттік хатшы К.Райспен кездесіп, Таяу Шығыстағы дағдарыс пен Иранның ядролық бағдарламасы маңайындағы ахуал бойынша келіссөз өткізуге тиіс. Кеше Израиль үкіметі заң бойынша Палестина үшін жиналатын салықтың 11 млн. долларын Автономияға аударуға рұқсат берді. Палестина үкіметіне экстремистік “Хамас” ұйымы отырған соң, әлгі салық Автономияға берілмей тоқтатылған болатын. Қаражат тапшылығы - Палестина жерінде гуманитарлық дағдарыс туғызды.
XS
SM
MD
LG