Accessibility links

5 әскери қызметкер мен 2 сәби - “Өрт қауіпсіздігі” ережесін бұзудың құрбаны болды


МӘСКЕУ. Бүгін түнде Мәскеу түбіндегі Щелков ауданындағы әуе-десанты әскерінің жатақханасынан шыққан өрттің салдарынан, бастапқы мәлімет бойынша, 7 адам, оның ішінде 2 сәби құрбан болды. Тағы бір офицер хабар-ошарсыз жоғалды деп есептеліп отыр. Жатақханада 38 әскери қызметкер мен отбасыларының 16 мүшесі тұрған. Өрттің орнында шұғыл тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. “Өрт қауіпсіздігінің ережесі бұзылды” деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG