Accessibility links

Ресми билік оппозицияның шеруі өтіп жатқан алаңға әскери шеру өткізбекші


БІШКЕК. Бүгін Қырғызстанның қорғаныс министрі Исмаил Исақов 27-нші мамыр күні Бішкектің “Алатоо” атты орталық алаңында әскери шеру өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Оның айтуынша, әскери шеру жоспары дәл осы алаңда өтуге тиісті басқа бір шарамен қарама-қатар келіп тұр. Саяси оппозицияның мыңдаған белсендісі 29-ыншы сәуірден бері президент Қ.Бәкиевтің биліктен кетуін талап етіп осы алаңда шеру өткізуде.
XS
SM
MD
LG