Accessibility links

Еуропа одағы мен НАТО-ға мүшелікке Черногорье дайын, деді үкімет басшысы Мило Джуканович


Бұл мәлімдемесін ол Черногорье тұрғындары ел тәуелсіздігін таңдағаннан кейін айтты. Алдын-ала есептеулерге қарағанда, дауыс берушілердің 55,7 пайызы Сербиядан бөлінуді қолдап шыққан. Референдумға сайлаушылардың 86,3 пайызы қатысқан екен. Соңғы ресми қорытынды сейсенбі күні жарияланбақшы. Еуропа комиссиясы және Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымдары референдумның өту сипатын қызу қуаттады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG