Accessibility links

Уашингтонда Джордж Буш пен Эхуд Олмерт кездесті


АҚШ президенті Джордж Буш Израйлдың жаңа премьер министрі Эхуд Олмерттің Батыс жағалаудағы еврейлерді көшіріп бұл шекараны біржақты белгілеу мүмкіндігі туралы жоспарын бейбіт процестегі маңызды қадам болады деп айтты. Алайда Буш бұл жоспардың толығымен мақұлдануы турасына келгенде, израйл мен палестина арасындағы жағдайды бейбіт реттеу дұрысырақ болады деген. және Израйлдың бейбіт келісім үшін әрекет жасауын тоқтатпауға шақырған. Бұл жөнінде Құрама Штаттар президенті Уашингтонда Израйл премьер министрімен кездесуден кейін бірлесе берген баспасөз мәслихатында айтты. Израйл премьер министрі Эхуд Олмерт болса, егер Хамас тобы соғысты тоқтатып, Израйлды мойындаса, өз еліенің бейбіт келіссөздерге дайын екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG