Accessibility links

Буш Иранның ядролық мәселесі бейбіт жағдайда шешілгенін қалаймын деді


АҚШ президенті Джордж Буш Иранның ядролық мәселесін бейбіт түрде және дипломатиялық жолмен шешілгенін қалайтынын, бірақ бұл тұрғыда Иранның келіссөздерге баратынына өзінің сенімді емес екенін айтқан.

“Біз бұл проблеманы бейбіт және дипломатиялық жолмен шешкіміз келеді. Бірақ, Иран ашық келіссөзге барудан бас тартып отырған сайын сонша ел біздің бірлесе әрекет етуіміздің қажеттілігін түсіне бастады”, - деген Буш.

Буш сондай-ақ, Құрама Штаттар Ресейге Иранның әділ болмай отырғанын анық көрсету үшін жұмыс жасады деді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері Ресей мен Қытай Батыстың Иранға санкция салу сияқты қатаң шаралар қабылдау керек дегеніне қарсы болып келеді. Бүгін Еуропа Одағының үш елі - Германия, Франция және Британия Иранның уран байытуын тоқтатуға көндіру жолдарын талқылау үшін Лондонда кездеседі.
XS
SM
MD
LG