Accessibility links

Бүгін Беларус президенті Александр Лукашенко халыққа арналған жылдық жолдауын жариялады


Лукашеко мырза оның үкіметіне жасалып отырған Батыстың саяси қысымын атап өтті.

“Беларустің дамуына теріс әсерін тигізіп отырған негізгі екі фактор бар: біріншіден, елімізге жасалып отырған Батыстың өзгеше қысымы, санкциялар жөніндегі қорқытулары, және басқа да лайықсыз, менімше, тіпті мүлде ақылға симайтын шаралары. Екіншіден, әлем базарларындағы бағалардың нашарлауы, әсіресе, энергия көздерінің қымбаттап кетуі”, - деді Лукашенко.

Ол, сондай-ақ, Беларустің сыртқы саясатындағы ең негізгі мақсаттардың бірі Қытаймен арадағы қарым-қатынастарды дамыту деді.
XS
SM
MD
LG